Ата-ана кабинеті
Сайтта тіркеліп, «Мен ата-анамын» деп таңдаңыз да, баланың кабинетіндегі 8 таңбалы кодты енгізіңіз. Сонда көресіз:
- баланың әр тест нәтижесі және даму динамикасы;
- күніне сайтта неше минут оқығаны;
- қай тақырыпқа, қай тестке қанша уақыт жұмсағаны;
- үй тапсырмасының бағасы.
Бала 10 рет оқиды, ертесі ұмытады? Мәселе — оқу әдісінде
2006 жылғы бір тәжірибеде мәтінді 14 рет оқыған топ бір аптадан кейін оның 40%-ын, ал 3–4 рет оқып, кітапты жауып, есіндегісін жазған топ 61%-ын есте сақтаған.
- Жабыңыз: оқыған соң кітапты жауып, есіндегісін 5 минут жазсын.
- Белгілеңіз: кітапты ашып, ұмытқан жерін тауып белгілесін.
- Қайталаңыз: 2–3 күннен кейін тағы кітапсыз жазып көрсін.
Бір түнде емес — күнде аз-аздан
Уақытты бөліп қайталау бір отырыста жаттағаннан тиімдірек (Cepeda және т.б., 2006). Қарапайым кесте: жаңа тақырыпты оқыған күні → келесі күні → 1 аптадан кейін → 1 айдан кейін.
Байқау тест — дайындыққа арналған карта
Әр тесттен кейін қате дәптерін жүргізіңіз: сұрақ · баланың жауабы · дұрыс жауап · неге қателесті. Қатенің 3 түрі бар:
- Білмедім → тақырыпты қайта оқу.
- Асықтым → уақытпен жаттығу.
- Сұрақты дұрыс оқымадым → әр сұрақты соңына дейін оқу.
Ұйқы да — дайындықтың бөлігі
AASM (2016) ұсынысы: 6–12 жас — тәулігіне 9–12 сағат, 13–18 жас — 8–10 сағат. Емтихан алдындағы күні жаңа тақырып бастамаңыз, құжаттарды кешке дайындаңыз, ерте жатыңыз.
Телефон және ата-ананың рөлі
Хабарлама келгенде, тіпті оған жауап бермесе де, қателесу ықтималдығы бірнеше есе өседі (Stothart және т.б., 2015). Оқу кезінде телефонды басқа бөлмеге қалдырыңыз.
- Үйде тұрақты оқу уақыты мен тыныш орын жасаңыз.
- Баланы басқалармен емес, өзінің кешегі нәтижесімен салыстырыңыз.
- Баллды емес, еңбегін мақтаңыз.
- Мұғаліммен байланыста болып, байқау тест нәтижесін бірге талдаңыз.